Ғылым • 26 Шілде, 2025
Отандық ғылымның беделін биіктеткен басқосу
Әлемдегі жаратылыстану, математика, физика ғылымдарының өкілдері үшін зор маңызға ие «ISAAC-2025» конгресі мәресіне жетті. Екі жылда бір рет болатын, талай мықтының баяндамасы тыңдалатын іргелі іс-шара биыл алғаш рет Орта Азияда, соның ішінде Қазақстанда ұйымдастырылды. Бұл – біздің елімізге, төл ғылымымыз бен жоғары білім саласына үлкен мәртебе, сонымен қатар мамандарға халықаралық тәжірибе алмасуға таптырмас алаң. Өйткені мұнда талқыланатын тақырыптар тек теориялық емес, қаржы математикасы, жасанды интеллект, биология, нейрондық желілер сияқты 20-дан аса түрлі ғылыми бағытты қамтиды.
Аймақтар • 26 Шілде, 2025
Абай өңірінен 17 сақ қонысы табылды
Абай облысындағы Қаратұмсық қорымынан осыдан 2700–2500 жыл бұрын өмір сүрген сақ тайпасына тиесілі жәдігер табылды. Қоныстардың бірінен 37 асық шыққан. Мұндай бірегей кешен ел аумағында бұрын зерттелген сақ дәуіріне тән қоныстарда алғаш рет кездесіп отыр. Тарихтың кені ашылған кешенде сақтарға қатысты тың ғылыми жаңалық жетерлік.
Теннис • 26 Шілде, 2025
Президент кубогі сарапқа салынады
27 шілде мен 16 тамыз аралығында Астанада Президент кубогі жолындағы жарыстың жалауы он сегізінші мәрте желбірейді. Оған әлемнің, еліміздің бірқатар белді теннисшілері қатысады.
Жекпе-жек • 26 Шілде, 2025
Аса жеңіл салмақтағы қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс «The Ultimate Fighter 33» турнирінің тоғызыншы сериясының жартылай финалында күш сынасты.
Сұхбат • 26 Шілде, 2025
Қазақ тазысы: жаһанға танылу жолы
7-10 тамыз күндері Финляндия астанасы Хельсинкиде «World Dog Show-2025» бүкіләлемдік иттер көрмесі өтеді. Мұнда тұңғыш рет FCI аясында алдын ала мойындалған тұқым ретінде қазақ тазысы ресми түрде таныстырылады. Тазы тұқымының пайда болуы мен таралу тарихы, ерекшеліктері, артықшылықтары, бағым-күтімі жан-жақты баяндалады. Көрме төрінде ақшаңқан киіз үй тігіліп, «Қазақ тазысына» арналған стенд, көрнекіліктер қойылады. Тақырыпқа қатысты ақпараттық буклеттер, кәдесыйлар қонақтарға таратылады. Басты мақсат – тұқымның халықаралық мәртебесін нығайту, «Kazakh Tazy» брендін кеңінен насихаттау. Тазы – халқымыздың бірегей қазынасы, дала азаматының сенімді серігі, жүйріктігімен, ақылдығымен, сабырлылығымен ерекшеленетін асыл тұқымды ит. Желмен жарысқан жүйрік, шапшаң қозғалып, аңды алыстан көріп, ізіне түсіп ұстайтын ілкімді жаратылыс. Түлкі, қоян, қарақұйрық секілді аңдарды ұстауға пайдаланылады. Адамға тез бағынады, талап пен сенімнің арасын жақсы ажыратады. Халқымыз асылдығын айрықша бағалап, «жеті қазынаның бірі» деп атаған. Батырлар жырында, ертегілер мен аңыздарда тазы бейнесі сомдалған. Бүгінде тазы саны күрт азайған. Сондықтан оны асылдандыру, қорғау, көбейту мәселесі күн тәртібіне шықты. 2023 жылы қазақы тазы мен төбет ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енді. Соның негізінде арнайы көрмелер мен байқаулар жиі өткізіліп, қоғам назарын аударды. Тазының еліміздегі және жаһандағы тағдыры, танымалдығы бәрімізге байланысты. Ең бастысы, мемлекеттік көзқарас айқын.