Оқиға • 24 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
26 мен 27 шілде аралығында елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары мен жергілікті өнім өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 24 Шілде, 2025
Жас математиктер әлемдік олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Еліміздің оқушылары Австралияда өтіп жатқан беделді халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2025 – International Mathematical Olympiad) жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Жалпыкомандалық есепте оқушыларымыз 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Шілде, 2025
Ресейде ұшақ құлап, 49 адам қайтыс болды
Ресейдің Амур облысында Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта болған барлық 49 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Бүгін Астана қаласындағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметкерлеріне жаңа пәтерлер мен қызметтік автокөліктер табысталды. Құтқарушылардың әлеуметтік әлеуетін көтеріп, алаңсыз азаматтық міндетін атқаруға атсалысатын шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 24 Шілде, 2025
Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесті
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Кездесу барысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.