Қазақстанда емханаларға тіркелу ХҚКО арқылы жүзеге асырылады
Бұл шара емханалардың өкілеттігін асыра пайдалануына жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр. Өйткені, елімізде тұрғынарды «сырттай» тіркеу фактілері бары жасырын емес. Бұрын заң бұзушылық болған-болмағанын анықтау үшін адамдардың қолтаңбасын салыстырып, құжаттарды тексеру қажет болатын. Қазір қызмет автоматтандырылды, сондықтан бұдан былай оны тексеру қиындық тудырмайды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева мәлімдеді.
Әлем • 23 Шілде, 2019
Toyota Токио-2020 Олимпиадасына арналған бес роботты таныстырды
Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарында еріктілердің орнына түрлі роботтар пайда болады. Олар қонақтарды қарсы алып, суретке түсіреді және келушілерге барынша көмек көрсетеді.
Экология • 23 Шілде, 2019
«Қазгидромет» РМК «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жалғастырды
«Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 20 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында басталған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады.
Әлем • 23 Шілде, 2019
Түймелі телефондарға WhatsApp мессенджері орнатылды
KaiOS қарапайым телефондарға арналған операциялық жүйені әзірлеушілер арзан телефондарға мессенджер орнату үшін WhatsApp-пен ынтымақтастық туралы мәлімдеді.
Аймақтар • 23 Шілде, 2019
Шекарадан 26 маймыл, 4 млн теңге алып өтпек болғандар ұсталды
Өткен демалыс күндері шекарашылар Мемлекеттік шекарадан әртүрлі мөлшерде есірткі алып өтпек болған, шекаралық аумақта заңсыз дәрілік өсімдік тамырларын жинаған, 26 маймыл, 4 миллион теңгеге жуық кедендестірілмеген қаражат алып өтпек болған әртүрлі мемлекеттер азаматтарын ұстады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.