Әлем • 23 Шілде, 2025
АҚШ пен Жапония арасында жаңа сауда келісімі орнады
АҚШ президенті Дональд Трамп Жапониямен жаңа сауда келісіміне қол жеткізілгенін жариялады. Оның айтуынша, бұл келісім аясында жапон тауарларына 15 пайыздық баж салығы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 23 Шілде, 2025
ЖИ дәуірінде қандай мамандықтар жойылады?
Жасанды зерденің өмірімізге жаппай енуі – технология дамуындағы тағы бір қадам ғана емес, еңбек нарығындағы жаңа дәуір. Қазір автоматтандыруға бейім кәсіптер тізімі күткендегімізден де жылдам кеңейіп барады. Көптеген сала жаңа келбетке ие болып жатқанда адам үшін ең оңтайлысы – машиналармен өзара әрекеттесіп, олардың мүмкіндіктерін өз дағдыларымен толықтыру болмақ.
Президент • 23 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент • 23 Шілде, 2025
Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен Шымкентте жаңа 3 өндіріс орны ашылды. Оның алғашқысы – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «BIK Kanc» ЖШС. Серіктестік А4 және А3 пішіндегі қағаздар өндіреді. Өндірістік қуаты жылына 2 млн 880 мың дана қорапты құрайды. Компания биыл жобаның бірінші кезеңін іске қосты. Оның құны – 500 млн теңге.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Жұрт көңілінен шыққан жобалар жолы неге ауыр?
Павлодарда 2020 жылдан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 322 өтінім мақұлданған. Алайда олардың үштен бірі жүзеге аспапты. Азаматтар көп жағдайда балалардың спорт ойын алаңын салып беруді, ауланы абаттандыруды, дыбыстағыш бағдаршамдарды орнатуды сұрайды. Бірақ көбі бірізді, креативті тәсілдер жоққа тән. Мысалы, биыл Назарбаев даңғылы бойындағы үйлерге жарық жүйесін орнату, Максим Горький көшесіндегі үйлер арасына тротуар төсеу, Малайсары батыр көшесіндегі үйлердің сыртында көлік тұрағын жасау жобалары мақұлданған. Былай қарағанда, «Халық қатысатын бюджет» жобасынан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар арқылы аулаларды асфальттауға, тротуар төсеуге, жарықтандыруға, балалар және спорт алаңдарын салуға онсыз да қаражат бөлініп жатыр.