Қоғам • 25 Шілде, 2022
Жастар неге әлемге тарыдай шашырап барады?
Дамыған, талайдан ілгері кеткен елдердің өркендеу сырына үңілсеңіз олардың барлығы өз жастарының әлеуетін толық пайдалана білгенін аңғарасыз. Тіпті мұны сол мемлекеттердің дамуы негіздерінің бірі деп те қарастыруға болатындай. Сондай-ақ бұл елдер шетелдік дарынды жастарды өздеріне тарту арқылы олардың ерік-жігерін тиімді пайдаланып келе жатқанын да көресіз. Яғни өркенді елдер басқа мемлекеттерде қажетсіз болып, пайдаланылмай жатқан «ақыл-ойды» импорттап, оны өз пайдасына жаратуға мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарауда.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
«Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Тіпті басқаны айтпағанның өзінде Ақордаға апаратын жолдың өзі жамау-жамау құрақ көрпеге ұқсайды. Жалпы, бұл салада қордаланған мәселе көп. Тендерді жыл сайын бірді-екілі компания ғана ұтып алады. Мұндай жағдайдың қайталанып келе жатқанына ондаған жыл болды». Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан осы бір сөздері автожол инфрақұрылымындағы біраз мәселені аңғартқандай.
Өнер • 25 Шілде, 2022
Сөз майталманы, айтыс өнерінің қайталанбас шебері Сара Тастанбекқызы – исі қазақтың аяулы перзенті. Әсіресе Жетісу жұртына өте ыстық. Өзінің қысқа ғұмырында әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған ақынның шығармашылық жолы көпке аян. 1906 жылы атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына шығады. Бұл айтыс оның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жайды. Міне, сол Сараның суретін көзбен көргіңіз келсе, Талдықорғанға тартыңыз.
Ахмет Байтұрсынұлы • 25 Шілде, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының музыкалық мұрасы жөніндегі екіұдай пікірлер көптен бері айтылып келеді. Мәселен, кейбір өңірлерде ұлт ұстазының шығармасы деп орындалып жүрген «Аққұм», «Екі жирен», «Қарғаш», «Қаракөзайым» әндері бар. Бірақ кәсіби музыка мамандары мұны мойындай қоймайды. Олар Ахаңдікі деп айтылатын әндердің бәріне халық шығармалары деп қарайды.
Тарих • 25 Шілде, 2022
Ғұбайдолла халфе Совет үкіметінің қуғын-сүргінінен амалсыз туған жерінен жырақтап, жат жерде өмірі өксіп өткен дін қайраткерінің бірі. Заманында өте алғыр, зерек болып, қатарынан оза туғаны басына бәле болып жабысып, «совет үкіметіне сенімсіз», «халық жауы» ретінде сотталған, жер аударылған.