Спорт • 23 Шілде, 2025
Бішкекте күрес түрлерінен Азия біріншілігі (U-20) аяқталды. Еліміздің грек-рим күресі шеберлері жарысты алты медальмен қорытындылады. Темірлан Тұрдақын (87 кг) мен Диас Сейітқалиев (82 кг) бас жүлдені олжаласа, Омар Дүйсенбек (77 кг) финалда ұтылды.
Ғалам ғажаптары • 23 Шілде, 2025
Жапонияда әжелерді жалға беру қызметі трендке айналды. «OK Obaachan» деп аталатын бұл қызмет арқылы кез келген адам каталогтан өзі қалаған 60 пен 94 жас аралығындағы әжені таңдап, оның әңгімесін, ақыл-кеңесін тыңдай алады.
Заң мен Тәртіп • 23 Шілде, 2025
Құрылыс заңнамасы: тәртіп пен сапа
Кейінгі жылдары еліміздегі заңнамалық жүйе жаңғырып, экономиканың стратегиялық салаларында бірізділік пен айқындыққа бет бұра бастады. Әсіресе мемлекеттік саясат аясында қолға алынған реформалардың ішінде құрылыс саласының орны бөлек. Себебі құрылыс тұрғын үйден бастап әлеуметтік инфрақұрылымға, өндіріс ошақтары мен көлік желісіне дейінгі барлық тіршілік арнасының негізі болып отыр.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Торғайда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегімнің дүрсілі – Торғай» атты этно-реалити жобасы аясындағы жарыстар өтті.
Көрме • 23 Шілде, 2025
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Мерейтой иелері – 2025» көрмесі ашылды. Экспозиция бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің мәдени өмірінде өшпес із қалдырған суретшілердің туындыларынан тұрады.