Аймақтар • 31 Шілде, 2022
Ақтауда түн ортасында басталған жаңбыр ертесіне түске дейін тоқтаусыз жауып, шөл мен аптап ыстықтан арса-арса болған тал, өсімдік біткен жаңара бір жасап қалды. Тұрғындардың қуанышы өз алдына. Бірақ Ақтау көшелерінің телегей суға кетуі, сондай-ақ кейбір үй төбелерінен ішке су ағуы тұрғындарды біраз әбігерге салды.
Қоғам • 31 Шілде, 2022
Қала көшелерінде электрсамокатпен зулай жөнелгендерге көз үйрене бастады. Алғашқыда қызыға қарайтын едік. Кейінгі кезде «самокат» тізгіндегендердің қатысуымен жол-көлік апаттары жиілеп кетті. Тәртіп сақшылары да оны тізгіндегендерге жылы қабақ танытпайды. Былтыр елімізде электрсамокаттардың қатысуымен 68 оқыс оқиға орын алып, 1 адам қаза тапқан, 70 кісі жарақаттанған. Ал жыл басынан бері 41 оқиға тіркеліп, бір адам жан тапсырып, 40 адам зардап шеккен.
Экономика • 31 Шілде, 2022
Шетелдік ірі компаниялардың қызығушылығы артып келеді
Пандемия салқыны тимеген сала жоқ, вирус таралуынан ірі компаниялардың да жұмыс жүйесі бұзылды және ол табыс бөлігіне де елеулі әсер етті. Қазақстан нарығында қызмет етіп жатқан ірі компания өкілдері жақын күндерден жағымды өзгеріс күте қоймайды. Басылды деген пандемия қайта күш алды, ал Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс күн санап өршіп бара жатыр.
Қоғам • 31 Шілде, 2022
«Баян Сұлу» фабрикасы қызметкерлерінің еңбекақысын тағы да көтереді
Қазақстандық кондитер өнеркәсібі көшбасшыларының бірі саналатын «Баян Сұлу» фабрикасы өз қызметкерлерінің еңбекақысын 1 тамыздан бастап 15-20 пайызға көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Шілде, 2022
Бұл күндері Италия астанасы – Римде 17 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде бозкілемге шыққан 55 килодағы еркін күрес балуаны Дарын Әскербек әлем чемпионы атанды.