Қаржы • 22 Тамыз, 2025
Еңбек министрлігі жаңа зейнетақы мөлшерін жариялады
2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнеткерлердің саны 2 миллион 497 мың адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Жетісу өңірінде білім сапасы артып келеді
Талдықорғанда өткен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы облыстық тамыз конференциясында Жетісу облысының педагогтары жаңа оқу жылының міндеттерін айқындап, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Еліміздегі 4 қаланың әуежайы мультимодальды орталықтарға айналады
Авиациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның көлік саясатындағы басымдықтарының бірі. Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарға сәйкес еліміздің жетекші әуежайлары – Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе – логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын заманауи мультимодальды орталықтар ретінде дамып келеді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Теміржол желісі жаңғырып, даму қарқыны артты
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аударды. Президент тапсырмасын орындау аясында көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президент «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.