Форум • 22 Тамыз, 2025
Алғаусыз достықтың алтын көпірі: Еларалық жастар мәдени форумы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды. Биыл форум шығармашыл жастар арасындағы цифрлық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналды.
Үкімет • 22 Тамыз, 2025
Сирек металдар өндірісі жүйелі дамытылады
Премьер-министр Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген аталған салаға озық технологиялар мен инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асты.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Қарияларға қамқорлық – әлеуметтік басым бағыт
Мемлекеттің әлеуметтік саясатында зейнет жасына жеткен жандарға да ерекше көңіл бөлінеді. Соның бір мысалы – еліміздің әр өңірінен ашылған белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары. Бес жыл бұрын қолға алынған ілкімді жобаның игілігін бүгінде шалғайдағы қарттар да көріп отыр. Президенттің халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаға орай бұл күнде мұндай орталықтар аудандарда да бой көтеріп жатыр.
Өндіріс • 22 Тамыз, 2025
Ақсу зауытындағы жаңа технологиялар
Цифрлық технологиялар Ақсу ферроқорытпа зауыты үшін стратегиялық құралға айналған. Тек былтыр мұнда цифрландыруға құйылған инвестиция көлемі 1 млрд теңгеден асты. Нәтижесінде, өндіріс орнында көптеген жүйе оңтайлы бола түсті.
Энергетика • 22 Тамыз, 2025
Электр тарифінің өсуіне не әсер етті?
Павлодар қаласында электр қуатының тарифі қымбаттады. Жеке тұтынушылар енді әр киловатт/сағат үшін 21,63 теңге төлейтін болады. Бұған дейінгі тариф – 19,66 теңге еді. Тарифтің өсуі – шамамен 10 пайыз. Бағаның ең көп өзгеруі бюджеттік мекемелерге қатысты болып отыр – 1 киловатт/сағат үшін бұрынғы 67,53 теңгенің орнына бұдан былай 80,45 теңге болып бекітілді (19,1 пайызға өсті).