Жастар • 21 Тамыз, 2025
Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) жетекшілеріне арналған оқытудың екінші легі басталды. Еліміздің әр түкпірінен келген азаматтар елордада 22 тамызға дейін семинар-тренингке қатысады. Бұл кәсіби даму академиясы – Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бірлескен кешенді бағдарламасы.
ЖОЛДАУ • 21 Тамыз, 2025
Әкім сайлауы – елдік жауапкершілік
Бүгінгі Қазақстанның саяси жаңғыруы – мемлекетіміздің тұрақты дамуының белгісі. Кейінгі жылдары еліміздегі саяси-экономикалық реформалардың қарқынды жүруі ұлттық бірлігімізді бекемдеп, елдік сананың мықтап орнығуына әсер етті. Бұл орайда елдің саяси жүйесін трансформациялаудағы маңызды қадам саналатын аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға қол жеткізіп отырмыз.
Үкімет • 21 Тамыз, 2025
Ауызсумен қамту жөнінде есеп берді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысының халықты 100% ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру, сондай-ақ топтық су құбырларын салу мен реконструкциялау барысы бойынша кеңес өткізді.
Сұхбат • 21 Тамыз, 2025
Нұрбек МАТЖАНИ: Халықтың мемлекетке сенімі артып келеді
Кейінгі жылдары елімізде кешенді саяси, экономикалық һәм әлеуметтік реформалар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Қоғамның бар саласын қамтыған осы өзгерістердің нәтижесі қандай? Халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімі қай деңгейде? Қазақстан қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Нұрбек Матжанимен сұхбатымызда осы мәселелерге жауап іздеп көрдік.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Қонағы көп қаланың қауіпсіздігі құнтталды
Қауіпсіздік – еліміздің әрбір өңір, әр ауылы үшін маңызды мәселе. Ал шығысында Талас Алатауы, оңтүстік батысында Өгем, Қаржантау, Қазығұрт тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан Төлеби ауданы, оның орталығы Леңгір қаласы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті еселене түседі. Олай дейтініміз, табиғаты тамаша таулы аймаққа келуші қонақтар мен туристер көп. Яғни жауаптылар үшін жергілікті тұрғындармен қатар саяхаттаушы, демалушылардың алаңсыз да емін-еркін жүріп, аман қайтқаны маңызды.