Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Сырдағы бастамаларға жоғары баға берді
Қызылордаға Жамбыл облысындағы Меркі ауданының өкілдері келіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Жамбылдықтармен жүздесуде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңіраралық байланыстарды арттыруға әрдайым дайын екенін айтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне тоқталды.
Ғалам ғажаптары • 21 Тамыз, 2025
Америкалық Джерри Парр бала кезінде «Барлаушылар кодексі» атты фильмді тамашалап, басты рөлді сомдаған Рональд Рейганның шеберлігіне тәнті болыпты. Сол сәттен бастап жасөспірім барлаушы болуды армандайды.
Сараптама • 21 Тамыз, 2025
Жақыныма ақша аударғаным үшін Салық комитеті шақыра ма?
Заңгер Алмаз Отаровтың жауабы: – Ең алдымен, заңда көрсетілген шектеулерге тоқталайық. Егер сіздің шотыңызға үш айдың ішінде 100-ден көп әртүрлі адамнан ақша түссе, әрі жалпы сомасы 1 млн 20 мың теңгеден асса, онда бұл табыс – кәсіпкерлік әрекет деп қаралуы мүмкін. Яғни мемлекет сізді жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жүр деп есептейді. Бұл ереженің мақсаты – шынымен бизнес жасап, табыс тауып жүрген адамдардың салықтан жалтаруына жол бермеу.
Таным • 21 Тамыз, 2025
Данияның білім жүйесінде ерекше бір сабақ бар. Ол – «Klassens tid», қазақшаласақ, «Сынып сағаты». Бұл дәстүр 1993 жылдан бері үзілмей келеді. Аптасына бір рет 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар сыныбында бас қосып, бір-бірімен еркін әңгімелеседі.
Жасанды интеллект • 21 Тамыз, 2025
Қазіргі заманда жасанды интеллект (ЖИ) тек техникалық салада ғана емес, саясатта да белсенді қолданылып келеді. Цифрлық дәуірде мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс жаңа сипатқа ие болып, саяси коммуникация жүйесі түбегейлі өзгеріп жатыр. Дәл осы өзгерістерді кешенді зерттеген отандық ғалым, медиа және коммуникация маманы Айтолқын Әшімова докторлық диссертациясын сәтті қорғады.