Елорда • 21 Тамыз, 2024
Елордада Түркістан көшесінің учаскесі уақытша жабылады
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Тамыз, 2024
Бірқатар қалада автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылды
Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі — рұқсат етілген массаны бұза отырып, ауыр көліктердің өтуі. Мәселен, Астанада 6300-ге жуық самосвал тіркелген. Олар қала маңындағы 29 карьерден инертті жүктерді тасымалдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Тамыз, 2024
Мамандар әуежайда маймыл шешегін жұқтырғандарды анықтау дайындығын пысықтады
Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Астана және Алматы халықаралық әуежайларында маймыл шешегі сияқты карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар адамдарды анықтау бойынша оқу-жаттығу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 21 Тамыз, 2024
Өнім қауіпсіздігін бақылау күшейтіледі
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен министрлік алаңында Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда ұлттық техникалық регламенттерді, ЕАЭО техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерін әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылына қатысты негізгі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2024
БҚО-да жаңа шағын ауданға «Қазақстан халқына» қорының есімі берілді
Бүгін БҚО-дағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынған 100 жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Тамыз айының басында тағы 14 үйдің кілті табысталған болатын. Осылайша Сырым ауданында 114 үй салынды: Өлеңті ауылында – 40, Жымпитыда – 48, Бұлдырты ауылында – 25 және Көздіқара ауылында 1 үй, деп хабарлайды Egemen.kz.