Спорт • 16 Тамыз, 2017
Елордалық спортшылар ТМД ойындарында үздік нәтиже көрсетті
11-16 тамыз аралығында Ресей мемлекеті Ульяновск қаласында Бірінші Ұлттық спорт түрлері фестивалі және ТМД ойындары өткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Үкімет • 16 Тамыз, 2017
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тиімді несие ала алады
Қазақстанның экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары «АгроЭкспорт» арнайы бағдарламасы бойынша тиімді несиелер ала алады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz
Білім • 16 Тамыз, 2017
Алматыда мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті
Аз күннен кейін еліміздің барлық өңірінде мектеп қоңырауы қайта соғылып, күз маусымының алғашқы күні білім теңізіне бет алған жас шәкірттерді мектеп партасы өзіне шақырады. Осыған орай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Басқосуға жиналған 700-ден астам білікті ұстаз білім берудің жаңа бағыттары мен алдағы оқу жылының барысы жайлы талқылады.
Үкімет • 16 Тамыз, 2017
Отандық астық сапасы арта түсті – Қайрат Айтуғанов
АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында отандық астық сапасын арттыру бойынша бірқатар тиімді шаралар қабылданды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz
Үкімет • 16 Тамыз, 2017
АӨК дамыту бағдарламасы арқылы 500-ден аса ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды – ҚР АШМ
АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің пайда болуына және жалпы ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына қажетті жағдай жасады. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен брифинг барысында ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz