Жұмысшы мамандықтар жылы • 20 Тамыз, 2025
Неміс ақыны Иоганн Гёте әйдік ақын ғана емес, әйбат өсімдіктанушы да болған. Ол «Өсімдік метаморфозасы» атты пәлсапалық өлеңінде тамырдың, өскіннің, жапырақтың жалғыз тұқымнан пайда болғанын мысал етіп, жер бетіндегі барлық болмыстың бір бастаудан жаралғанын жеткізеді. Кішкентай гүлдің құрылымынан табиғаттағы тұтас үйлесім көрінеді деп жырлайды. Бүгінгі кейіпкеріміз де гүлдерді шебер үйлестіріп, көңілдерге қуаныш сыйлайтын жан. Ол – флорист Ержан Балтабай.
Саясат • 20 Тамыз, 2025
Өзбекстанның Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерімен кездесті. Басқосуда Қазақстан мен Өзбекстандағы гендерлік теңдік, әйелдердің саяси және экономикалық белсенділігі, кәсіпкерлігі, заңнамалық реформалар мен екі ел арасындағы ынтымақтастық тақырыбындағы мәселелер көтерілді.
Саясат • 20 Тамыз, 2025
Қазақ-өзбек зиялыларының интеллектуалдық форумы
Астанада Ұлттық музейде Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевалардың қатысуымен қазақ-өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының бірінші форумы өтті. Іс-шара аясында тараптар жаны мен қаны бір бауырлас екі елдің рухани байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.
Президент • 20 Тамыз, 2025
Қ. Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 20 Тамыз, 2025
Теміржолды цифрландыру жұмыс сапасын жақсартады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мен цифрландыру ісі қаралды. Сондай-ақ теміржол вокзалдарын реконструкциялау мәселесі де көтерілді. Теміржол өнімдерін шығару – машина жасау саласындағы маңызды бағыттың бірі. Қазір бұл бағыт машина жасаудағы жалпы көлемнің 13%-ын құрап отыр. Өткен жылы теміржол өнімдерін шығару 25%-ға өсіп, 600 млрд теңгеге жеткен.