Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Өткен апта Солтүстік Қазақстан облысының рухани өмірі айтулы оқиғаларға тол болды. Ол Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Туризм және спорт пен Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Түрік мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының басшылары т.б. қатысқан халықаралық жиындар еді.
Ғалам ғажаптары • 20 Тамыз, 2025
Аустралияның Сидней қаласында, нақтырақ айтсақ, Тасман теңізі жағалауындағы биік жартас маңында Дон Ричи есімді адам өмір сүрген. Осы биік жартасқа өмірден баз кешіп, жаны құлазыған адамдар жиі барады екен.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Туризм көрсеткіші жол сапасымен өлшенеді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Алматы облысы бойынша филиалы БАҚ өкілдеріне баспасөз-турын ұйымдастырды. Онда Қапшағай суқоймасына апаратын жолдың сапасы, тоқтайтын кешендер, жолды күтіп-ұстау жұмысы және Қонаев-Күрті тас жолының құрылысы таныстырылды.
Ғалам ғажаптары • 20 Тамыз, 2025
1936 жылы шыққан «Life» журналының алғашқы санында Джордж Стори есімді жаңа туған сәбидің суреті «Life Begins» («Өмір басталады») деген тақырыппен жарияланды.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Әйгілі жазушы Әлібек Асқаровтың кезінде екі жүз мыңнан асатын таралыммен «Егемен Қазақстанда» қос-қос бетке қайта-қайта басылған «Көккөл», «Шындығатай», «Мұзтау», «Шабанбай», «Марқакөл-Шанағаты», «Аспантау», «Қазығұрт» сияқты сырлы сафарилерінің бәрінің бел ортасында Ерен Жұмағұлов жүреді. Өзінің Қатонқарағайындағы сапар атаулыны ұйымдастырады, біз ұйымдастырған Нарынқол, Қазығұрт сапарларына қатысады.