Өндіріс • 20 Тамыз, 2024
Петропавл қаласында бір кезде КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінің бес бірдей алып зауыты болғанын бұрын да жазғанбыз. Олардың бәрі Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жылдары ішіндегі құрал-жабдығымен, аса қажетті мамандарымен бірге, құпия үшін түрлі нөмірмен аталып, Ресей қалаларынан біздің қалаға көшірілген. Соның бірі Калинин атындағы құпия зауыт еді. Бұл зауыттың құпиялылығы сонда, ол – электр қуатын изоляциялайтын құрал-жабдықтар шығарады.
Энергетика • 20 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында елде атом электр стансасын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Бүгінде бұл бастама ел көлемінде кеңінен талқыланып жатыр. Электр энергиясының негізгі тұтынушылары – ірі өндірістік кәсіпорындар. Олар барлық қолданыстағы тұтынушылардың 70%-ын құрайды. Жақын арада саны тағы артпақ. Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарды базалық электр энергиясы деп аталатын қуат көздерімен тұрақты, тәулік бойы қамтамасыз ету қажет. Мұндай қуат көздеріне жылу электр және атом электр стансалары кіреді.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2024
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» фракциясының мүшесі Анас Баққожаев Махамбет ауданының ауыл шаруашылығы мамандарымен, шаруалармен кездесті. Өйткені бұл аудан тұрғындарының дені осы салада жұмыс істейді.
Сенат • 20 Тамыз, 2024
Ынтымақтастықты нығайтатын кездесу
Парламент Сенаты аппаратының делегациясы Әзербайжан Милли Меджлисіндегі әріптестерімен кездесті. Екі ел Парламенті палаталары аппараттарының басшылары Максим Споткай мен Фарид Гаджиев кездесу барысында алдағы уақытта өзара қарым-қатынасты одан әрі арттыру және ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2024
Мәдени мұраны сақтау – маңызды міндет
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өңірдегі мәдени мұра нысандарында жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Мұндай нысандардың қатарында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қылует жерасты мешіті және Яссы-Күлтөбе ортағасырлық қалашығы бар.