Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Елорда әкімі бір жарым ай ішінде 51 проблемалық нысанды аралады
Қала әкімі Алтай Көлгінов проблемалық нысандардың тұрғындарымен кездесті. 170 үлескері бар «Көктал-2»тұрғын үй кешені орталық жылуға қосылмаған. Үй пайдалануға берілмеген, тұрғындар былтырдан бері тұрып келеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Қала әкімі қаламгерлермен қауышты
Алматы ұлт руханиятын ұлықтаған талай марғасқаларды қанаттандырған мәдениет пен әдебиеттің қара шаңырағы. Сырлы сөз бен сұлу өнердің көрігін қыздырған зиялы қауым өкілдерінің көпшілігі азаттықтың алтын бесігіне баланатын дәп осы Алматыда шоғырланған. Жаңа қызметіне кіріскеніне көп бола қоймаған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар Одағының қабырғасында қаламгерлер қауымымен кездесті.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
«Бақытты отбасы» орталығы аналарға шағын кәсіп бастауға қолдау көрсетеді
Алматы қаласында таяуда ашылған «Бақытты отбасы» орталығының қызметіне ендігі кезекте көп балалы аналар ғана емес ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жалғыз басты аналар мен әкелер де әлеуметтік мәселелері бойынша жүгіне алады. Орталық менеджері Жұмагүл Тәжібаеваның айтуынша, қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында жұмысы жандана бастаған орталықтың мақсаты салауатты ортаны қалыптастыра отырып, қоғам назарынан тыс қалған, көмекке зәру жандарға барынша көмек қолын ұсыну. Орталық жекелеген азаматтардың қала тіркемесінің болу-болмауына қарамастан тиісті кеңестер, қажетті мамандықтан игеруге, жеке кәсібін ашуға мүмкіндік береді. Орталыққа келгендер арнайы сауалнама толтырып, әлеуметтік қызметкерден, психологтың, заңгердің кеңесіне жүгіне алады.
Өзбекстан жоғары оқу орындары серіктестер болады
Өңіріміздегі С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің География және туризм кафедрасының студенттері Өзбекстанда халықаралық тәжірибеден өтіп, Ташкент пен Самарқанд қалаларында болды.
Қазақстан • 16 Тамыз, 2019
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы басталды
Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі басталды. Бұл туралы twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.