Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған шекарашы
Бүгін Астана қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалында ел шекарасының шегенделгеніне 33 жыл толуына орай фотокөрме өтті. Бабадан қалған байтақ даланы кірпік қақпай күзететін қырағы қызметтің сан қыры таспаланған суреттерді аға лейтенант Асхат Сәбиев түсірген. Ол 15 жылдық еңбек жолында қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Еуразиялық үкіметаралық кеңес делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және кеңейтілген ЕҮАК отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Шымкенттегі жаңа көлік өткелінің құрылысымен танысты
Шымкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында Момынов көшесінде теміржол үстінен жаңа автокөлік өткелі бой көтеріп жатыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы нысан басында болып, құрылыс барысын көрді. Ол бұл жоба қаладағы қозғалысты жеңілдетіп қана қоймай, кептелістерді азайтып, жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Маңғыстауда жаңа газ өңдеу зауыты бой көтеріп жатыр
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев Жаңаөзен қаласына барып, салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысымен танысты. Аталған жоғары технологиялық жоба – партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz.