Кәсіпкер • 15 Тамыз, 2025
Кәсіпкерлікті дамыту: мүмкіндік те көп, қолдау да бар
Шымкенттің кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында бренд-комитеттің отырысы өтті. Палата директоры Сабира Адамбекованың төрағалығымен өткен жиынға қалалық әкімдікке қарасты басқарма басшылары, «Даму» АҚ мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері, қаланың креативті индустрия мен іскер әйелдер қауымдастығының жетекшілері қатысты.
Абай • 15 Тамыз, 2025
Абай ұлт тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалап, өміршең өлеңдерімен биікке көтерілді. Тағылымға толы қара сөздерін қалдырып, композиторлығымен қаншама сыршыл әндер тудырды. Қоғамды мәдени, рухани, білім жағынан өркендетті. Ғұлама, ойшыл ретінде де танылып, ұлттың ұпайын түгендеген дара да дана тұлғаға айналды. Сондай-ақ Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақша сөйлетті. Сондықтан Абайды сан қырынан танимыз.
Ғалам ғажаптары • 15 Тамыз, 2025
Қытай ғалымдары ДНҚ-ны дәл өңдеудің жаңа әдісін жасап шықты. Енді миллиондаған негізден тұратын ДНҚ фрагменттерін өзгертуге болады.
Спорт • 15 Тамыз, 2025
Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шықты. Іріктеу сатысында Рафаэль Оразбахтин баптайтын «Қайрат» футболшылары Словакияның «Слован» клубын пенальти сериясында жеңді. Алғашқы тартыс Алматының «Орталық стадионында» өтіп, 1:0 есебімен «Қайрат» басым түссе, Братиславада өткен қарымта матчта дәл осындай есеппен «Слован» озды. Экстра таймда да есеп өзгерген жоқ. Матчтан кейінгі пенальти сериясында алматылықтардың мерейі үстем болды. «Қайрат» футболшылары енді 19 тамызда Шотландияның Глазго қаласында «Селтик» клубына қарсы ойнайды. Қарымта матч 26 тамызда Алматыда өтеді.
Инфографика • 15 Тамыз, 2025
Инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр
Жаңаарқа ауданында электр желілерінің тозығы жеткені соншалық, ауа райы сәл бұзылса болды, жарық сөніп, жұрттың берекесін қашыратын. Бұл саладағы түйткілдер бір күнде пайда болған жоқ, ол – жылдар бойы қордаланған мәселе.