Білім • 14 Тамыз, 2025
Биылғы оқу жылында оқушылар неше күн демалады
Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қорытынды аттестациясын өткізу мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Тамыз, 2025
Шешендік – қызыл сөзді сапырған қыздырма желік емес. Оның ауылы софистикадан алыс қонған. Оның шын мақсұты – ақиқатты тану. Хош, мәселе мұнымен аяқтала ма? Ақиқатты танып үлгерсеңіз, әріптесіңізге түсіндіре қоюдан жеңіл зат бар ма? Осылай тұжырымдасақ, дәлмәрлық мәнін ұқпағандығымыз. Сократ хакім диалог барысында жетектеуші сұрақтар қойып, өзі түсінген ақиқатқа әріптесінің де ақылы «жүкті» болып, оны өзі дүниеге келтіруіне жағдай жасайды. Ал қазіргі қазақ қоғамындағы сөздің қуаты қандай, шешендік шеберлік қай деңгейде? Осы ойлармен біз Астанада өткен «Сөзмерген-2025» байқауына келіп түстік.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2025
Су саласында халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері халықаралық әріптестермен 4 келісім және 20 меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында сала министрлігі Франция, Германия, Нидерланды, Испания, Жапония және ҚХР сияқты елдердің халықаралық ұйымдарымен, су саласы мекемелерімен, даму агенттіктерімен және компанияларымен әріптестік орнатты. Су саласын дамытуға гранттар түрінде 14 млн доллардан астам қаржы тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Тамыз, 2025
Қонаевта чемпиондар мен жастар бір алаңда жаттықты
Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ұйымдастырған «Чемпиондық Рух» жобасы аясында ашық спорттық жаттығу өтті. Жаттығуға 150-ге жуық жас пен Олимпиада және әлем чемпиондары қатысты. Шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және чемпиондардың тәжірибесін жас буынмен бөлісу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Тамыз, 2025
Президент Пәкістан Премьер-министрін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.