Саясат • 14 Тамыз, 2025
Наркотизм – ұлт саулығына төнген қатер
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында нашақорлық күрделі әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретінде қарастырылып, наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Жоба • 14 Тамыз, 2025
Алматыда Халықаралық жастар күніне арналып өткізілген «Alma love» онкүндігі өз мәресіне жетті. Айрықша жоба қала әкімдігі Жастар саясаты басқармасының қолдауымен алғаш рет ауқымды деңгейде жүзеге асырылып отыр. Елдегі жоғары оқу орындарының үштен бірін құрайтын мегаполисте 150 мыңнан астам студент білім алатынын ескерсек, бірегей бастама студенттердің өз мақсаттарын жүзеге асыруына үлкен мүмкіндік сыйлады.
Әлем • 14 Тамыз, 2025
Зангезур дәлізі геосаяси дауға нүкте қоя ала ма?
Өткен аптаның соңында әлем назары АҚШ-қа ауды. Ақүйде Президент Дональд Трамптың араағайындығымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт келісімге қол қойды. Осы келісім арқылы қос елдің арасындағы территория дауын шешудің қағидаттары бекітілді.
Инвестиция • 14 Тамыз, 2025
Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Dan Capital» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «ValueLBH Fund» қорының басқарушы директоры және серіктесі Шимон Бен Хамомен кездесті. Тараптар еліміз үшін басым экономикалық секторларда инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру келешегін егжей-тегжейлі талқылады.
Форум • 14 Тамыз, 2025
Ертіс бойындағы еңбек форумы: жұмысшы мамандықтардың жаңа тынысын ашты
Павлодарда Халықаралық жастар күні және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы өтті. Жиынға еліміздің барлық өңірінен 120-дан астам белсенді жас – инженерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары, IT-технологтер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.