Шаруашылық • 14 Тамыз, 2025
Биыл ел ырыздығының еселене түсуіне барлық жағдай жасалып отыр. Қажырлы еңбектің арқасында егістік алқаптарда ақық дән мол деп айтуға әбден болады. Бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген алқаптың 80 пайызы жақсы, 1 миллион гектар алқап қанағаттанарлық деңгейде.
Ғалам ғажаптары • 14 Тамыз, 2025
Қытайдың Ганьсу провинциясында екі кішкентай Күн секілді көрінетін алғашқы мұнаралы электр стансасы іске қосылды. Бұл – әлемде жұп мұнарамен салынған тұңғыш нысан.
Жоба • 14 Тамыз, 2025
«Samruk Umiti» жобасы: 30 қатысушы жұмысшы мамандығын таңдады
Қор компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы балалар үйлерінің 100 тәрбиеленушісін кәсіби бағдарлауға арналған «Samruk Umiti» жобасы өз нәтижесін беріп отыр.
Сұхбат • 14 Тамыз, 2025
«Балқашты жүзіп өтуге тәуекел еттім»
Астаналық параспортшы Ақназар Мүтәліп Балқаш көлін 20 шақырым ендікте жүзіп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. Бір қол, бір аяғы кем спортшы 13 сағатта межелі қашықтықты жүзіп өтті. Енді Гиннестің рекордтар кітабына көрсеткішін жолдап, жаһанның таңғажайып нәтижелерін сүзгіден өткізе саралайтын ұжымның мақұлдауын күтіп жүр. Он екі мүшесі сау адамның өзі жүрегі дауалай бермейтін тәуекелді еңсерген саңлақпен аз-кем тілдесудің орайы туды.
Тағзым • 14 Тамыз, 2025
Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында дәулескер күйші, Созақ ауданының құрметті азаматы Генерал Асқаровтың 85 жылдығына арналған облыстық «Күй құдіреті» атты жас күйшілер байқауы өтті.