Қоғам • 14 Тамыз, 2025
Сегіз жастағы Айдын Бекжанұлы ұялы телефондарды толық бұзып, қайта жинай алады. Бұзылғанын жөндеп, талай тұтынушының алғысын алып үлгерген жас шебер Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұрады.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Ұлттың тарихын, шежіресін түрлі ұғымдар мен жер-су атауларының этимологиясын, руханиятының бастау көзін тауып-тануына ерекше жол салған қайталанбас дарынды зерттеуші Серікбол Қондыбайдың ғылыми-танымдық мұралары – қазақтың ғана емес, бүкіл түркі тектес елдердің зор қызығушылығына ие. Биыл Ақтау қаласы түркі тілдес елдердің рухани астанасы болуы жұрт арасында оның шығармаларын зерделеуге, насихаттауға тағы бір серпін берді. Мұнда «Серікбол Қондыбай мұралары және түркі әлемі» атты IV халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен «Үркер» халықаралық қысқаметражды анимациялық фильмдер фестивалі өтті.
Кино • 14 Тамыз, 2025
Нью-Йорк фестивалінде жүлделі болды
31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте беделді кинофестиваль – XXXXVIII «Asian American International Film Festival» өтті. Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен 12 картина ұсынылған және оның үшеуі ғана аталымға ілікті.
Жәдігер • 14 Тамыз, 2025
Осыдан 80 жыл бұрын Абай Құнанбайұлының туғанына 100 жыл толған мерекесі қарсаңында, «Социалистік Қазақстан» газетінің 1945 жылы 15 тамыздағы санында хакімнің Көкбаймен сөз қағытпасы жарияланыпты.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Бурабай баурайында бабадан қалған жыр байрағы көтеріліп, аймақтық айтыс өткізілді. Алаштың төл өнері мен мәдениеті шуақ шашқан күн болды бұл.