Медицина • 13 Тамыз, 2025
Ботақарадағы аудандық аурухана заманауи медициналық жабдықтармен толықты
Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі аудандық аурухана облыстық бюджет есебінен жаңа медициналық құрылғылармен толықты. Заманауи техника түрлі ауруларды жоғары дәлдікпен анықтап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Тамыз, 2025
Отандық ғалымдар су электр стансасын жасады
Еліміздің зерттеушілері құрастырған шағын су электр стансасы сынақтан өтті. Қондырғы жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндіретін кәсіпорынға орнатылды. Станса тот баспайтын болаттан жасалған және толықтай герметикалық, коррозияға төзімді қаптамамен қорғалған. Құрал ерітінді жүретін құбырға тікелей орнатылады да, ағын қозғалысынан электр энергиясын өндіреді, тіпті агрессивті ортада да жұмыс істей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелері өзгерді
Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну және оларды тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына арналған құжаттардың үлгілерін және мемлекеттік наградалар белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Тамыз, 2025
Президент наркотизммен күрес жөніндегі жаңа шараларды атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Тамыз, 2025
Үйірмеге қабылдау ережесі өзгереді
Елімізде балаларды қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі жаңарды. Білім министрінің бұйрығына сәйкес, жаңа ереже 23 тамыздан бастап күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.