Оқиға • 13 Тамыз, 2025
Полиция қызметкері екі адамды ажалдан алып қалды
Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданындағы полиция бөлімінде Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы болып қызмет істейтін полиция майоры Ержан Қазиев екі адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Тамыз, 2025
Ақтауда климаттық өзгерістердің Каспий экожүйесіне ықпалы талқыланды
Ақтау қаласында Каспий күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ғаламдық климаттық өзгерістер жағдайындағы Каспий теңізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникациялар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рекорд • 13 Тамыз, 2025
Әуе жолаушыларын тасымалдау жаңа деңгейге жетті
2025 жылғы шілде айында еліміздің әуе тасымалы саласы айтарлықтай өсім көрсетіп, отандық әуе компаниялары 1,7 миллион жолаушыны жеткізді. Бұл өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 12,9%-ға артық. Аталған көрсеткіш 2007 жылдан бері бір айда тіркелген ең жоғары нәтиже болып отыр, деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Үкімет Каспий теңізі институтына 305 млн теңге бөлді
Бұл қаржы Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
870-тен астам су нысаны мемлекет меншігіне алынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 10 облыста коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылған. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.