Технология • 13 Тамыз, 2025
Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті ресми түрде іске қосылды
Бүгін, 13 тамыздан бастап елімізде Starlink спутниктік интернеті іске қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Тамыз, 2025
Кернеулі токтың тілін тапқан маман
Президент қаулысымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Тіршілік үшін таптырмас мамандардың маңдай терін, ерен еңбегін нанымды насихаттауға арналған жылдың жеті айы да артта қалды. Уақыт машинасы оза түскенмен, жұмысшы мамандардың жемісті еңбегі ескеріліп, беделі биіктеп келеді. Жыл құрғақ сөзбен сырғымау үшін жұмысшы мамандардың әлеуметтік әлеуетін әлдендіруге назар аударылып жатыр. Ауыз толтырып айтатын негізгі жаңалық техникалық мамандарды баспанамен қамтуға бағытталған – «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы. Бастама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін үйлі етуге үлес қосады. Бұдан бөлек жұмысшы мамандардың мәртебесін белгілеу, салалардағы сындарлы тұсты сараптау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру сынды жүйелі жұмыстар атаулы жыл аясында атқарылып жатыр. Бастысы қоғам жұмысшы мамандарға қажеттілікті терең түйсініп, тұрмыс тұраламау үшін етіп жүрген еңбегіне құрметпен қарауға бейіл білдіріп келеді.
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Цифрлық штаб қызметін бастайды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент тапсырмасын орындауға орай жиын өткізді. Жиын қорытындысына орай цифрлық трансформация бойынша топ (цифрлық штаб) құру жөнінде шешім қабылданды.
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық: нақты міндеттер айқындалды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылының басталуына дайындық мәселесі қаралды. Отырыста тиісті сала басшылары жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндады.
Құқық • 13 Тамыз, 2025
Сот орындаушыларының жұмысын тиімді ету – құқық қорғау саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Сенатор Евгений Больгерттің Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басшылығымен кездесуі барысында осы мәселе әңгіме арқауына айналды. Ал депутат Қайрат Тастекеев Семей қаласындағы Медициналық университет госпиталімен танысты.