Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Атырауда мұғалімдерге 11 млн теңгеден астам өтемақы төленді
Атырау қалалық прокуратурасы мектептерде ұжымдық шарттың орындалуына талдау жүргізу барысында 80-нен астам педагогтің конституциялық құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 12 Тамыз, 2025
Қазақ агроэкспорты қалай рекорд орнатты?
Кернеуі күннен күнге күшейіп бара жатқан геосаяси тұрақсыздық, климаттық өзгеріс және логистикалық тізбектердің осалдық танытып тұрған дәуір дидарында әлемнің көптеген мемлекеті үшін азық-түлік қауіпсіздігі маңызды мәселеге айналып отыр. Аумағы жөнінен Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет және күшейіп келе жатқан аграрлық держава ретінде біздің еліміз бұл өткелектен агроөнеркәсіп кешенін ауқымды жаңғырту арқылы өтпекші. Мақсаты – ішкі нарықта азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті кеңейту, тұрақты, әртараптандырылған және экологиялық қауіпсіз ауыл шаруашылығының жүйесін құру, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Тамыз, 2025
1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа тамақтану стандарты енгізіледі
Жаңа стандартта білім беру ұйымдарында көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін тұтынуды арттыру көзделген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаевқа тоғызыншы дан қара белбеуі табыс етілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чунгвон Чоудың сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға саналатынын атап өтті. Сондай-ақ бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Тамыз, 2025
EC-145 тікұшағында болған үшінші ұшқыштың денесі табылды
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 12 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылған, деп жазады Egemen.kz.