Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Түркістанда жастарға «Абай жолы» романы тарту етілді
Түркістанда қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Тамыз, 2025
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің есебіне сәйкес, елдің қарулы күштерінде бүгінде шамамен 450 мың әскери қызметші бар. Бұл – алты жыл бұрынғы көрсеткіштен 20%-ға аз. Құжатты жексенбі күні билеуші партия депутаты жариялаған. Билік өкілдері мұндай құлдыраудың басты себебін елдегі туу деңгейінің күрт төмендеуімен байланыстырады. Қазір Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткіші – бір әйелге 0,75 сәби. Бұл – әлемдегі ең төмен деңгей, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 11 Тамыз, 2025
АҚШ Қытайға Ресей мұнайы үшін салық салуы мүмкін
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Ресейден мұнай алғаны үшін Қытайға қосымша баж салығы салынуы ықтимал екенін айтты. Fox News хабарлауынша, шешім әлі қабылданбаған, бірақ президент Дональд Трамп бұл мәселені қарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 11 Тамыз, 2025
Ақтау қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
10 тамыз – ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Ақтау қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Талдықорғанда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған поэзия кеші өтті
Әдеби кеш «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік мерекелік шаралар аясында «Абай – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.