Президент • 10 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Түркістанда қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына және «Абай күніне» орай рухани мазмұндағы іс-шара өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Атырауда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланды
Атырау қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған "Хәкім Абайдың ізімен" атты ауқымды мәдени іс-шара өтті. Мереке Абай ескерткіші алдындағы алаңда ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2025
Құмырсқаның илеуінен құрылыс нысанына дейін
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адам зәузаты табиғат тылсымын ұғып, шикі асты құнарға, құр тасты құралға айналдыруды үйренген сәттен бастап, өзіне жайлы мекен жасауға бейімделе берді. Құмырсқаның илеу қазып, қарлығыштың ұя салғанын көрген арғы нәсіліміз баспана маңызын ұғына түсті.Тарих тамырына үңілсек, Африкадағы Олдувей шатқалында адамдар лава кесектерінен тегіс алаң жасап, алғашқы құрылыс әрекетін осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын жүзеге асырған көрінеді. Ал қазіргі қазақ даласындағы алғашқы құрылыс та тым ерте, біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын Ботай қонысында басталған. Осы уақытта бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп, балшық пен ағаштан жасалған үйлерді тұрғызып үлгерген. Дәуір доңғалағы айналып, жаңа заманға жеткізген қазіргі күнде де еліміздегі құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Қала жаңарып, ауыл түлеп, инфрақұрылым кеңейіп жатқан тұста бұл саланың жүгін арқалап жүрген мамандардың еңбегі ерен.
Қоғам • 10 Тамыз, 2025
Құрылыс саласында желдету жүйесінің маңызы қандай?
Қазақстанда құрылыс саласы қарышты дамып келеді. Бұл сөзімізді сандық деректер де сенімді ете түседі. Ұлттық сататистика бюросының мәліметінше, еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемінің 6 пайызын осы құрылыс саласы қамтып отыр. Саланың серпін алуы халық саны мен сұранысының өсуімен де байланысып жатыр. Себебі кейінгі жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 2024 жылы 19,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық белесті бағындырған. Құрылыс саласының өзі он саусақтай тармақталып жатыр. Техник, инженер, жобалаушы, тас қалаушы, монтаждаушы, дәнекерлеуші, желдету жүйесінің мамандары, сантехник, әртүрлі жұмысты атқаратын адам деп толассыз тізімді жалғай беруге болады. Біз бүгін «ғимарат тынысын ашатын», желдету жүйесін жетік меңгерген майталман маман Алексей Никишин және оның ұлы Кирилл Алексиевич жұмысы туралы баяндаймыз, деп жазады Egemen.kz.