Сұхбат • 09 Тамыз, 2025
Ринат Серікұлының мамандығы – заңгер. Бірақ жоғары оқу орнын тәмамадаған соң еңбек жолын құрылыс саласында бастады. «Бұған ұзақ жыл құрылыста жемісті жұмыс істеген әкемнің тәлімі әсер етті», дейді өзі. Бүгінде іргелі BI-group құрылыс компаниясында бөлім басқаратын маманмен зауыттағы қарбалас жұмыс арасында тілдестік. Біз барғанда жұмысшылар кезекті блокты құйып, жөнелтуге даярлап жатты.
Президент • 09 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 09 Тамыз, 2025
Қызылорда қаласында құрылыс саласы жыл сайын қарқын алып келеді. Әсіресе дарияның сол жағалауындағы көпқабатты үйлермен қатар түрлі нысан бой көтерген жаңа ауданның келбеті айшықты. Алғашқы үйлер оншақты жыл бұрын ғана салынған сол жағалау қазір ауқымды құрылыс алаңына айналған.
Абай • 09 Тамыз, 2025
Қазақ ең бір ұлы ұлын аялай ардақтап — Абай атаған. Абай— ұлы ақын, композитор, аудармашы, философ һәм қоғам қайраткері.
Абай • 09 Тамыз, 2025
Абай жолы әр жанның көкейінде қалыптасады
Әдебиет тарихында ең ықпалды шығарманың бірі болып саналатын Марсель Прусттың «Жоғалтқан уақытты іздеу» (өкінішке қарай, қазақшаға аударылмаған) атты шығармасы жайында «Не туралы?», «Оның мағынасы не?» деген сұрақтарға берілген жауаптарды әдебиеттанушылар бірнеше топқа бөлген екен. Оның бірі: «Бұл өткен шақ пен болашақ, олардың арасындағы байланыс туралы», енді бір тобы: «Бұл қоғамның айнасы, жазушының қоғамға көзқарасы», деп топшылаған. Тағы бір тобы: «Бұл өмір мен өлім туралы» десе, келесі тобы «Шағын құбылыстар арқылы тұтас әлемді көру» деген пікірлер айтқан. «Жоқ, бұл оқырман туралы, осы романды қолына алып, оқып тұрған адам туралы» деушілер де бар.