Президент • 09 Тамыз, 2025
Әзербайжан мен Арменияның келісімге қол қоюы – АҚШ Президентінің бітімгерлік миссиясының арқасы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды.
Қоғам • 09 Тамыз, 2025
Жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь
Жастардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімдерін нығайтып, тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында Ақтөбе қаласының колледждері мен жоғары сынып оқушыларына арналған «Aqtobe camp-2025» жобасы ұйымдастырылды. Үш күн бойы 50 жасөспірім Мәртөк, Қарғалы, Қобда аудандарын аралап, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысандар жұмысымен танысты, табиғат аясында серуендеп, экологиялық іс-шаралар ұйымдастырды.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
«Agrofest» ауылды дамытуға серпін береді
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Сұлукөл ауылында республикалық ауқымдағы маңызды оқиға – «Agrofest Batys – 2025» мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Биылғы фестивальға 40-тан аса ауыл шаруашылығы ұйымы қатысқан.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Жаһандық рекордтар кітабына енді
Амангелді ауданындағы «Торғай тәжі» туристік кешенінде орналасқан «Ұлт жады» қабырғасы «Global Book of Records» кітабына енді. Ені – 35, биіктігі – шамамен 4 метрдей болатын мемориалдық нысанға қазақ қауымына қастерлі 248 тарихи тұлғаның есімі жазылған ескерткіш тақта ілінген. 200 тақтаның астындағы ұяшықта әлемнің 35 елінен арнайы әкелінген ұлы бабаларымыздың сүйек топырағы жатыр.
Үкімет • 09 Тамыз, 2025
Үкімет өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу барысы туралы айтып, өңірлік даму, инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын басқару мен ТЖМ дайындығын арттыру жөніндегі стратегиялық бастамаларға назар аудартты.