Аймақтар • 07 Тамыз, 2019
«Мектепке жол» акциясы балаларға бақыт сыйлайды
«Мектепке жол» акциясына қолдау білдіріп жатқан азаматтардың қатары жыл сайын артып келеді. Өткен жылы аймақта 21617 балаға 200 185 600 теңге көлемінде көмек көрсетілген. Оның ішінде 59 584 700 теңге демеушілер есебінен берілген. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова мәлімдеді.
Парламент • 07 Тамыз, 2019
Парламент Сенатының депутаты Шымкентте «Сақ» киностудиясының жұмысымен танысты
Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «Сақ» киностудиясының жұмысымен танысты.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2019
Арыс қаласында 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді
Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, Арыс қаласында жалпы алғанда 9313 құрылысшы еңбек етуде. 7 мыңнан астам маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарда іске қосумен айналысуда. 6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуда, деп Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 07 Тамыз, 2019
5 мың әлеуметтік білім гранты: Қай өңірге, қанша бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
TEDx Astana конференциясына тіркеу басталды
15 қыркүйекте елордада TEDxAstana ғылыми-көпшілік конференциясы өтеді. Бұл туралы сәрсенбі күні конференция ұйымдастырушылары әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы хабарлады.