Мектеп • 08 Тамыз, 2025
Жаңа оқу жылында «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылады
1 қыркүйектен бастап елімізде алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2025
БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген
Жыл басталғалы «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау және шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберген. Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 және Орал-Көшім арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2025
Қызылордада ішімдік ішпейтін ауылдар көбейіп келеді
Тұрғындары өзара кеңесіп, арақтан бас тартқан ауылдар қатарында Арал ауданы Қосжар елді мекені бар. Ауыл ақсақалдарының бастамасымен ішімдікпен бірлесе күрескен елді мекенде 5 жылдың бедерінде бірде-бір қылмыс тіркелмепті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 08 Тамыз, 2025
Жақып Хайрушев: Қазақстан экономикалық дамудың жаңа кезеңінде
Біздің ел Аваза іс-қимыл бағдарламасын тұрақты, инклюзивті және орнықты келешекке жеткізер жол картасы ретінде толық қолдайды. Бұл туралы Президент теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның 3-ші конференциясында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл маңызды бастама транзиттік елдердің, даму жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының саяси қолдауына ие болуы тиіс, деді. Мемлекет басшысы көлік, энергетика мен цифрлық инфрақұрылым сияқты негізгі секторларға инвестиция ынталандыруға инновациялық қаржы тетіктері қажет екенін айтты. Энергетика министрлігі Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушевтің пікірінше, Қазақстан орта экономикасы бар ел ретінде көбірек қабылдануда әрі бұл мәртебе оның энергетикалық әлеуеті тұрғысынан ерекше өзекті. Толымды тақырыпты арнайы сұхбатта талқылап көрелік.
ЖОЛДАУ • 08 Тамыз, 2025
Әділет министрлігі құқықтық рәсімдерді жеңілдетіп, сот төрелігінің қолжетімділігін арттырады
Әділет министрлігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі негізгі құқықтық базаны қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Соңғы жылдары ведомство заңнаманы жетілдіру, құқықтық рәсімдерді оңайлату және азаматтар үшін сот төрелігін барынша қолжетімді ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.