Абай • 08 Тамыз, 2025
Ұлы тұлғаның атаулы мерейтойларының қарсаңында шығармаларының академиялық жинағын даярлауға талпыныстар болып тұратын. Солардың ішіндегі академиялық сипатқа ие басылымдарды, негізінен, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары көзі тірі кезінде М.Әуезовтің басшылығымен дайындаған.
Абай • 08 Тамыз, 2025
Биыл ұлттың ойын жаңа арнаға салып, әдебиеті мен өнерін биік деңгейге көтерген дала данышпаны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Бұл – еліміз бен халқымыз үшін айтулы дата, маңызды мерекенің бірі. Себебі, қазақ өркениеті бүгінде Абайға дейін және Абайдан кейін деп сараланады. Дәуірлерді жіктеген данышпанның тойы туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзінде «Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек» деп арнайы тапсырма берген еді.
Еңбек • 08 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп көтеру мәселесін алға қойып отыр. Сол себепті 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны да мәлім. Жұмысшы мамандықтарды насихаттау және олардың мәртебесін көтеруге мән беріліп, көптеген жоба қолға алына бастады.
Салық • 08 Тамыз, 2025
Салық кодексінің ережелері талқыланды
Сенат депутаты Евгений Больгерт пен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Семей қаласында жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда талқыланған басты тақырып – жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері.
Абай • 08 Тамыз, 2025
Ұлтқа – ұстын, әлемге – ұлағат
Абай жыры, Абай сөзі ұлт руханиятының түбіне тұнған алтын сандық іспетті. Қай ұрпақ болсын сол сандықты қал-қадерінше ашып, қазынасын алмақ. Неге десеңіз, Абайдай тұтас елдің қантамырына айналып, қаймана жұртын шексіз сүйген ұлт ақыны жоққа тән. Сол арқылы уақыт пен кеңістікті бағындырып, ұлттың ұлық ұстазы атанған данышпан шырағы зау биікте жарқырап тұр. Кім Абайды сүйсе, еркіндік пен бостандықты, адамдық пен ар-ождан жолын сүйгені. Кім хакімді қастер тұтса, ол өзін, өзімен бірге асқақ ұлтын қастерлегені.