Қоғам • 05 Тамыз, 2019
Қазақ теміржолының алтын бесігі
Алматыдағы темір жол көлігінің орталық музейі және Алматы музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен көлік қызметкерлері күніне арналған айрықша көрме ашылды. Алғаш 1901 жылы іргетасы қаланған қазақ теміржолының тарихы тереңде жатыр. Нақ осы жылы еліміздің батысында жолтабан ені 1524 мм болатын алғашқы темір жол салынып, 1904 жылдың қаңтар айында Орынбор қаласынан Қазалы (Кубек) стансасына дейін алғашқы пойыз жолға шықты.
Қоғам • 05 Тамыз, 2019
Арыстағы күні кеше болған апат халықтың қабырғасын қайыстырып, тыныш күнде аспаннан найзағай түскендей болды. Кір жуып, кіндік қаны тамған атажұртында отырған ел үрейленіп, қорқынышқа бой алдырды. Бірақ күллі Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, басқа түскен қасіретті қайырымдылықпен жеңуге аянбай атсалысып келеді.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Тауарларды шетелге шығарумен айналысатын солтүстікқазақстандық компаниялар құжаттар рәсімдеуде кездесетін шамадан тыс қағазбастылыққа шағымданып, мәселеге жергілікті кәсіпкерлер палатасының араласуын өтініп отыр.
Руханият • 05 Тамыз, 2019
Қойнауы құпияға толы Шыңғыстаудың ішіндегі көп қыстаудың бірінде қайдан келгені белгісіз қой тастар жатыр. Жай жатқан жоқ, ептеп ұрып көрсеңіз шетінен ән салып қоя береді. Дәлірегі қоңыраудың сыңғырындай үн шығарады.
Спорт • 05 Тамыз, 2019
Теннистен халықаралық додаларда бақ сынап жатқан жерлестеріміз турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Михаил Кукушкин де, Зарина Диас та ширек финалда сүрінді.