Digital • 29 Тамыз, 2025
Шығыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салаларды цифрландыруға байланысты тапсырмасын жүзеге асыруда айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері сабаққа оңай дайындалып, ата-аналар балаларын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Сол сияқты цифрлану дәрігерлердің де қолын ұзартқан. Сонау шалғайдағы науқастың жағдайын цифрлық құжаттар арқылы орталықта отырған білікті маман біліп, ем-домын жасау мүмкіндігіне ие.
Ғалам ғажаптары • 29 Тамыз, 2025
Қытайдың оңтүстігінде «Цзянмэнь» жерасты обсерваториясы жұмысын бастады. Бұл – 20 мың тонна сұйықтыққа толтырылған алып детектор. Ол ғаламдағы ең жұмбақ бөлшектердің бірі нейтриноны зерттейді.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Дәрменсіздік дауылдан да күшті
Өткенде белгілі қаламгер Сауытбек Абдрахманов Абайдың Иван Буниннен аударған бір өлеңі туралы «Egemen Qazaqstan» газетіне зерттеу мақаласын жариялады.
Күрес • 29 Тамыз, 2025
Хорватияда Әнұранымыз шырқала ма?
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезден бері еліміздің ұлттық құрамасы еркін күрестен барлығы 26 әлем чемпионатына қатысты. Сол жауапты жарыстарда жерлестеріміз төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Базарларға жолыңыз түссе, сөрелерді жаңа оқу жылының жақындап қалғанын көрсететін тауарлар жаулап алғанын байқайсыз. Иә, қыркүйекке қарбалас дайындық тамыз айынан басталып кеткен. Баласын жетектеген ата-ананың қарасы көп, бәрі мектепке қажетін осы айдың соңына дейін әзірлеп алуға асығады. Ал баға қалай? Бір баланы сабаққа дайындауға қанша теңге жұмсалады? Көмекке мұқтаж жандарға қандай қолдау бар? Бірізділік бізге қашан келеді? Салмақты сұрақтарға жауап іздеп көрдік.