Қазақстан • 06 Тамыз, 2025
Электронды қызметтер ел игілігіне айналып келеді
АҚШ электронды үкімет жүйесін 1993 жылдан бастап енгізе бастаса, Еуропа елдері 1997 жылдан бастап қолданған. Ал еліміз электронды үкімет порталын 2006 жылы іске қосса да, көп елдерден озып, алдыңғы қатарға шықты. БҰҰ-ның электронды үкімет индексі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орында болса, онлайн қызмет сапасы бойынша алдыңғы ондыққа енеді. Тіпті Швейцария, Франция, Қытай сияқты кейбір дамыған елдерден озық. Деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде халықтың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде пайдаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Өскеменде жас жол инспекторларының слёті басталды
Өскемен қаласында Ғазиз Байтасов атындағы XX мерейтойлық республикалық жас жол инспекторлары (ЖЖИ) слётінің салтанатты ашылуы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Діни алауыздық тудыратын ақпаратты таратқан әйел 7 жылға сотталды
Қызылордада облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және ҰҚКД жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында терроризмді насихаттаған 39 жастағы деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Тамыз, 2025
Алматы әуежайы заманауи хабқа айналады
Алматы халықаралық әуежайы Horizon инфрақұрылымдық жобасының бірінші кезеңін іске асыруға кірісті, оның аясында алдағы 25 жыл ішінде оңтүстік астананың әуе айлағы толығымен жаңғыртылатын болады. Жолаушылар и 12,5 млн-нан 40 млн-ға дейін артады. Жобаның құны 1,5 млрд долларға бағаланған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Тамыз, 2025
Елордада Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады
Астананың Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Төле би көшесінің Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығын салу жобасы шеңберінде инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелері қиылысында жол салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.