Форум • 06 Тамыз, 2025
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі Үшінші конференциясы (LLDC3) аясында парламенттік форум ұйымдастырылып, оған Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов қатысты.
Үкімет • 06 Тамыз, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау мен дамыту болашағы қаралды. Сондай-ақ ана мен бала өлімін азайту мәселесі де күн тәртібіне шықты.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде мемлекет пен азаматтар арасындағы кері байланыс тетіктері қарқынды дами түсті. Бұл бағыттағы маңызды құралдардың бірі – epetition.kz платформасы.
Саясат • 06 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрлық арқылы байланыстың маңызы арта түседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына келді. Мұнда Қазақстан басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды. Бұдан соң конференцияға қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті. Алқалы жиынның ашылу салтанатына дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды. Содан соң Мемлекет басшысы конференция өтетін «Аваза» спорт кешеніне келді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Үкімет • 06 Тамыз, 2025
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны» (ЭКСЖ) жүзеге асыруға арналған Жобалық кеңсенің отырысын өткізді. Жиында заң шығару жұмыстары, жобаны қаржыландыру, сатып алулар тәртібі, отандық өндірушілерді қолдау және цифрландыру мәселелері бойынша есептер тыңдалды.