Алматы • 05 Тамыз, 2025
Алматы облысында 60 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі
Алматы облысында 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіліп, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 05 Тамыз, 2025
Биыл адамзаттың ақыл алдаспанына айналған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына – 180 жыл. Тарбағатайдан бастау алған торқалы той дүбірі бүгінде қазақ даласын шарпып жатыр. Ой кемеңгерінің онкүндігі аясында Астанадағы қаламгерлер аллеясында да ақынның шығармашылығы шарықтады. Сүбелі сөзді серік еткен жанның жан қалтасынан табылатын ақын мұрасы бүгін ашық аспан астында көпшіліктің назарына ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Тамыз, 2025
Алғашқы азық-түлік ваучері Ақкөл қаласына берілді
Үкімет отырысында «BTS Digital» компаниясы директорының міндетін атқарушы Ержігіт Балқыбеков атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жобаны таныстырды. Азаматтардың осал санаттарын атаулы қолдауға бағытталған жоба – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ырықтандыру шеңберінде іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 05 Тамыз, 2025
Енді салықты қарызын қайтармаған клиент есебінен жабуға болады
Еліміздегі қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, кәсіпкерлер мемлекет алдындағы салық және кедендік берешегін өз контрагенттері, яғни, дебиторлар есебінен өтеу мүмкіндігіне ие. Бұл мүмкіндік 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексінде нақты тетік ретінде қарастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Тамыз, 2025
Оралда ірі сүт комбинатынан өрт шықты
Орал қаласы, Айталев көшесі бойындағы сүт комбинатының аумағында орналасқан бір қабатты, бөлек тұрған ыстау ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.