Экономика • 29 Тамыз, 2025
Мұнай өңдеуді ұлғайтатын стратегия
Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025–2040 жылдарға арналған ұзақмерзімді тұжырымдамасында инфрақұрылымды жаңғырту, экспорттық әлеуетті арттыру және жаңа технологияларды енгізу негізгі міндеттер ретінде айқындалған.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Кәсіптік бағдар мамандық таңдауға көмектеседі
«Баланың болашағы оның алғашқы қадамын қалай басқанынан басталады» дейді халық даналығы. Шын мәнінде, әрбір шәкірттің өмір жолы мектептен айқындалады. Бұрын мамандық таңдау жоғары сыныптағы қиын шешім болып көрінсе, қазір ол бастауыштан бастауға тиіс игілікті үрдіске айналып отыр. Еліміздегі жаңа форматтағы «Келешек мектептері» – осы ізденістің алтын көпірі. Бұл мектеп әр баланың қабілетін ашып, болашаққа жетелейтін білім ордасы.
Заң мен Тәртіп • 29 Тамыз, 2025
Сәкен Сәрсенов: Цифрландыру полицияға деген халық сенімін арттырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына цифрлық технологиялар мен басқа да озық шешімдерді енгізуді жалғастыру қажеттігін айтып, салалық министрліктерге тапсырма бергені белгілі. Ішкі істер саласында бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын білу мақсатында біз Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновті әңгімеге тартқан едік.
Әдебиет • 29 Тамыз, 2025
Ертеректе орыс әдебиетінің классигі Антон Чеховтың «Әпкелі-сіңлі, үшеуміз» деген пьесасын сахнадан көргенде алай-дүлей күйге түсіп, адам баласының ішкі аңсары мен күнделікті күйбеңнің бір арнаға тоғыса бермейтінін жан-тәнімізбен сезінген едік. Арада бірнеше жыл аунап, Кобо Абэнің «Құм құрсауындағы әйелін» оқығанда сол ахуал қайта бойымызды билеп, денеміз түршікті.
Қоғам • 29 Тамыз, 2025
Баспанамен қамту – басым бағыт
Жыл аяғына қарай жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтайды. Енді отбасын құрған жастар үшін ұзақмерзімді баспана мәселесін шешудің орнықты қадамы іске асады. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның ұсынылуы мемлекеттің тұрғын үй саясатын жақсартып келе жатқанын аңғартады.