Қоғам • 04 Тамыз, 2025
Мүгедектікті белгілеу бойынша 61 мыңнан астам өтінім сырттай қаралған
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жыл басынан бері еліміздің барлық өңірлерінен 61,9 мың өтінім қаралған. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2025
Қызылорда облысының егістіктеріне 90,5 пайыз су берілді
Аталған облыс бойынша жалпы су алу көлемі бүгінде 3,03 млрд текше метр (90,5%), ал жоспарланған көрсеткіш – 3,35 млрд текше метр. Қалған 9,5% су суару маусымы аяқталғанға дейін алынады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 04 Тамыз, 2025
Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғанын растады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2025
Ұлытаулық жас мергендер садақ атудан әлем чемпионатына жолдама алды
Петропавл қаласында дәстүрлі Жасөпірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында садақ атудан Ұлытау облысы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Олар жеңіс қоржынын 5 алтын, 1 күміс, 5 қоламен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.