Жәдігер • 28 Тамыз, 2024
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінде аса көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сырбай Мәуленовтің бірқатар жеке қолжазбасы және әріптес қаламгерлермен жазысқан хаттары сақталған. Сондай құнды жәдігердің бірі – белгілі жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Бектұровтың Сырағаңа жазған хаты. Онда Жайық ақсақал «Қазақ әдебиетін» басқарып отырған Сырбай Мәуленовке сыйласатын жолдасы әрі газет оқырманы ретінде өз ұсынысын айтыпты. Ендеше, хатты оқып көрелік.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2024
Маңғыстаудың дамуын әртараптандыру – бүгінгінің басты талабы. Тек мұнайға сүйенбей, жаңа жұмыс орындарын ашу, экономиканы арттыру мақсатында Hyrasia Energy компаниясы (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндіретін зауыт салу жобасын іске асырады. Жаңа зауытқа маман даярлау үшін 2023 жылғы қыркүйекте Yessenov University базасында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты ашылды.
Қоғам • 28 Тамыз, 2024
Көпшілікті, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерді қоршаған ортаны аялауға, тазалықты сақтауға тәрбиелеу мақсатында Сәтбаев қаласында әдеттен тыс акция жарияланды.
Өнер • 28 Тамыз, 2024
Елордадағы «Астана Опера» театрының солисі, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Әлихан Зейнолла Италияның Пезаро қаласындағы Дж.Россини атындағы театрда «Реймске саяхат» спектаклінде Граф Либенсковтың басты партиясында дебют жасады.
Ауа райы • 28 Тамыз, 2024
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бүгін еліміздің көптеген аймақтарында ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік және батыс аймақтарда күн ашық, бірақ түнде суық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.