Энергетика • 28 Тамыз, 2024
АЭС отандық өнеркәсіптің дамуына серпін береді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Сонымен қатар «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «2025-2027 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары мақұлданды.
Олимпиада • 28 Тамыз, 2024
Бүгін Францияның бас шаһары Парижде XVII жазғы Паралимпия ойындарының алауы тұтанады. 6 қыркүйекке дейін созылатын бәсекелер барысында әлемнің әр қиырынан жиналған 4 400 атлет спорттың 20 түрінен сайысқа түсіп, 549 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Солардың қатарында Қазақстанның да параспортшылары бар.
Өндіріс • 28 Тамыз, 2024
Елімізде қала негізін құраушы ірі кәсіпорындар төңірегінде «Шағын және орта бизнес белдеуін» құру бойынша жұмыс басталды. Өнеркәсіп алпауыттарының өз өңірлерінен шыққан жеткізуші кәсіпорындармен серіктестігі бұған дейін де байқалатын, бірақ ерікті форматта еді. Енді бұл кәсіби түрде қолға алынғалы отыр. Елішілік құндылықтарды дамыту бағдарламасы, әсіресе моноқалаларда шағын және орта кәсіпкерліктің түтінін түзу ұшыруды көздейді.
Басылым • 28 Тамыз, 2024
Балалар басылымдары мен ұстаздардың байланысы артады
«Egemen Qazaqstan» газеті білім саласындағы көп игі істің ұйытқысы болып келеді. Бас басылымның белсенді авторлары мен жазылушыларының арасында да педагогтер қатары қалың екені атап өтуге тұрарлық. Осы ретте қоғамның қозғаушы күші саналатын ұстаздар қауымына және оқырмандарымызға сүйінші жаңалықты жеткізбекпіз.
Қоғам • 28 Тамыз, 2024
Сенатор Нұртөре Жүсіп Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылының тұрғындарымен кездесті.