Шаруашылық • 27 Тамыз, 2025
«Қазсушардың» техника паркі 31 пайызға жаңартылды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы «Қазсушар» РМК-ның техника паркін жаңарту жұмысы белсенді жүргізіліп келеді. Бүгінде жаңа құрал-жабдықтар мен автокөліктер кәсіпорынның барлық арнайы техникасының шамамен 31%-ын құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 27 Тамыз, 2025
Конституциялық сот – құқық қорғаудың қосымша құралы
Биыл Бас редакторлар клубы мен Конституциялық сот арасында ынтымақтастықты күшейтуге арналған меморандумға қол қойылған еді. Осы келісімнің аясында бұқаралық ақпарат құралдарына құқық тақырыбында семинарлар өткізу жоспарланған. Соның аясында Конституциялық сот өкілдері бұған дейін «Qazqontent» АҚ-да, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясында кездесу өткізсе, бүгін «Қазақ газеттері» медиахолдингінде журналистермен жүздесті. Жиын барысында соттың құзыреті, азаматтарға берілген жаңа мүмкіндіктер және өтініштерді қарау тәртібі талқыланды. Серіктестік директорының орынбасары Қамбар Ахмет кездесуге модераторлық етті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Вьетнамдағы тайфун салдарынан 7 адам қаза тапты
Вьетнам Үкіметінің ресми порталында көрсетілгендей, табиғи апаттан болған толассыз нөсердің кесірінен 7 адам қаза тапқан. Қатты жел мен су басудан 12 мыңнан астам үй қирап, Ханой қаласының көп бөлігі су астында қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Тамыз, 2025
Елімізде жыл басынан бері 176 бала жол апатынан көз жұмды
Қазақстанда жыл басынан бері 176 бала жол-көлік оқиғаларынан қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Бейжіңде төтенше жағдай жарияланды
Қытайдың Су ресурстары министрлігі Бейжің мен Тяньцзинь қалаларында төртінші деңгейлі су тасқынына қарсы төтенше жағдай тәртібін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.