ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
Жолдау 2024: Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізілуде
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Өңірде соңғы жылдары қыс айларында жылуға қатысты мәселе Кентау қаласында жиі көтеріліп келген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 27 Тамыз, 2025
Шығыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
1-қыркүйектен 31-желтоқсанға дейін Шығыс Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жүреді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке 18-бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға негізі жоқ ер азаматтар шақырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
«Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған адамдарды біріктірді
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғалы елімізде 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізіліп, оған 10,4 млн-нан астам адам қатысты, оның ішінде 586 мыңы ерікті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2025
eGov пен Aitu қызметтеріне нөлдік тарифтеу енгізіледі
Бүгін Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штаб отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бағытында бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.