Энергетика • 26 Тамыз, 2025
Қысқа қажетті көмір қоры жеткілікті - министр
Энергетика министрлігінің мәліметінше, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қоры жеткілікті. Министр Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмір өндіруші кәсіпорындар мен «Қазақстан темір жолы» өңірлерге жоспардағы көлемді тасымалдауға толық дайын екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 26 Тамыз, 2025
Нариман Мағауин: Жасанды интеллект бюджет шығынын бақылауға көмектесе алады
Қаржы министрлігі Электрондық қаржы орталығының Цифрландыру, талдау жүйелері және жасанды интеллектіні дамыту департаментінің директоры Нариман Мағауиннің пікірінше, жасанды зердені адамды алмастыратын құрал ретінде емес, керісінше кез келген қызметкердің жұмысын жеңілдетіп, талдау жасауға септесетін тетік түрінде қарастырған жөн. Маманның айтуынша, жасанды интеллекті мемлекеттік қаржы жүйесін басқару тұрғысынан көп көмегін тигізе алады.
Медицина • 26 Тамыз, 2025
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация басталады
Елімізде 2025–2026 жылдарға арналған эпидемиологиялық маусымға дайындық шаралары басталды. Осыған байланысты еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері арнайы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Энергетика • 26 Тамыз, 2025
Жарық пен жылу желілерінің негізгі бөлігі жаңартылды
Энергетика министрлігі алдағы жылыту маусымына дайындық барысын жариялады. Министр Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, биыл елдегі электр станцияларында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде және барлығы белгіленген уақытында аяқталады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Тамыз, 2025
Елімізде қаржылық заңнама саласына реформа жасалады
Бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.