Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Үкіметте алдағы үш жылдық бюджеттің жобасы қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026–2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 26 Тамыз, 2025
«Балақайлар мектебінде» 90 мыңға жуық бала дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2025
Павлодар өзін-өзі қамтамасыз ететін облысқа айналады
Павлодар облысы алдағы үш жылда ел экономикасындағы «донор өңірлердің» қатарына қосылмақ. Үкімет ұсынған болжамға сәйкес, 2028 жылға қарай аймақ республикалық бюджеттен қаржылай көмек алмай-ақ, өз кірістері есебінен толықтай қамтамасыз етілетін болады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғаяды - Серік Жұманғарин
Үкімет отырысында 2026–2035 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму болжамы қаралды. Құжатты Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Үкімет азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді
Вице-премьер — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі апталық кеңес өтті. Онда 2025–2026 жылдарға арналған тұрақтандыру қорларын толықтыру мақсатында жаңа өнімдер бойынша келісімшарттар жасасу барысы және соңғы аптадағы баға өзгерістері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.