Экология • 26 Тамыз, 2025
Жасыл экономикаға жаңа мамандар қажет
Еліміз алдағы онжылдықта «Таза энергияға» көшуді көздеп отыр. Яғни көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтып, күн, жел, су энергиясын көбірек пайдаланады. Бірақ басты мәселе бар: осы жобаларды жүзеге асыратын мамандар жеткілікті ме? Бұл туралы Egemen.kz тілшісі зерделеп көрді.
Қоғам • 26 Тамыз, 2025
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге беріледі
Ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) төленеді. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, оны алушылардың саны 208 668 адамды құрап, оларға 15,7 млрд теңге төленген. 1999 жылы енгізілген бұл мемлекеттік қолдау түрі – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Тамыз, 2025
Бейжіңде «Silk Way Star» музыкалық шоуының ашылу салтанаты өтті
Қытай астанасында ШЫҰ-ның гуманитарлық алмасу-2025 бойынша «Үйлесімділік пен бірлік: болашақты бірге жасаймыз» форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Президенті Телерадиокешені делегациясы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Тамыз, 2025
Биыл елімізде крахмал-сірне зауыты іске қосылады
Жаңа зауыт 150 мың тонна жүгері өңдейді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Тамыз, 2025
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.