Ата заң • 26 Тамыз, 2025
Демократиялық даму жолындағы дәйектілік
Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойы қарсаңында елордада 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің екінші басылымы жарыққа шығып, тұсауы кесілді.
Жұмыс • 26 Тамыз, 2025
Елордада «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шараға 3 мыңға жуық жас қатысты. Басым бөлігі – мектеп, колледж және жоғары оқу орын түлектері.
Саясат • 26 Тамыз, 2025
Жапония Орталық Азиямен диалогті жандандыра түспек
Орталық Азия мен Жапония осыдан жиырма жыл бұрын басталған диалогті одан әрі дамытуға ниетті. Күншығыс елі – аймақтың маңызды инвесторы ғана емес, сонымен қатар технология генераторы болып келді, ал қазір сенімді стратегиялық әріптесі. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге алғашқы ресми сапармен келген Жапония Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен келіссөз жүргізіп, бірқатар келісім жасасты.
Заң мен Тәртіп • 26 Тамыз, 2025
Еркін Оңғарбаев: Конституция үстемдігі – әділеттілік қағидатының арқауы
Биыл еліміздің басты заңдық құжаты, Тәуелсіздігіміздің шамшырағы болған Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толады. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымызға кейінгі жылдары уақыт талабына сай өзгерістер енгізіліп отырды. Соның бірі де бірегейі – 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдум арқылы жүзеге асқан конституциялық реформа. Біз Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық соттың судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Оңғарбаевты әңгімеге тартып, аталған реформаның қоғамға қандай өзгерістер алып келгені жайында білген едік.
Экономика • 26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында сауда саласын дамытуға баса назар аударды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойды. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың арқасында сала тұрақты өсім көрсете бастаған.