Мәселе • 26 Тамыз, 2025
Бұл алаңдауға тұрарлық жайт дейді сала сарапшылары. Қазір Қытайда – 194 млн, Үндістанда – 75 млн, Аустралияда – 70 млн, Иранда – 55 млн, Нигерияда 50 млн қой бар. Біздегі қой басы 21 млн-нан асады. Қойға қатысты түйткілді мәселелер Орал қаласында тұңғыш рет өткен «Auyl Fest. Қой шаруашылығы-2025» халықаралық форумында айтылды.
Білім • 26 Тамыз, 2025
Елордада астаналық педагогтердің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Іс-шарада қалалық білім саласының өткен оқу жылындағы қорытындысы мен жаңа оқу жылындағы жаңалықтары талқыланып, үздік әдістемелер сарапқа салынды. Конференцияға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, бас шаһардың әкімі Жеңіс Қасымбек, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар қатысты.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2025
Биыл астықты алқаптар көз қуантады. Масағын әзер көтерген сабақтар сыңсып тұр. Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы ақық дән өсірілген ұшы-қиыры жоқ алқаптарда ел ырыздығының мол екенін аңғаруға әбден болады.
Білім • 26 Тамыз, 2025
Байырғы оқу орны заманға сай жұмыс істейді
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланғаны мәлім. Осыған орай Мемлекет басшысы: «Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам», деп айтқан еді.
Ғалам ғажаптары • 26 Тамыз, 2025
Қытайдың Хэнань провинциясында Сяогуй атты тотықұс Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол түстерді ажыратудан әлемдік рекорд орнатты.